ALADOP.KZ
Әлем футболы

Неманья Максимович «Хетафеге» ауысуы мүмкін

«Валенсия» Максимовичті «Хетафеге» сатуы мүмкін.

«Хетафе» Максимович үшін «Валенсияға» 5,5 миллион еуро ұсынған екен. 23 жасар сербиялық «Валенсия» сапында барлық турнирлерде 21 ойын өткізіп, 1 гол соққан. Жартылай қорғаушы 2017 жылы «Астанадан» испандық клуб қатарына еркін агент ретінде ауысқан болатын.

 

Бұған дейін испандық БАҚ Максимовичке ағылшындық «Вест Хэм» қызығушылық танытқанын хабарлаған болатын.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*