ALADOP.KZ
Премьер-лига Қазақстан

Ненад Эрич «Астана» сапында 250 ойын өткізген

Премьер-лиганың 27-туры аясында Оралда «Ақжайық» пен «Астана» кездесті. Осы матчта «Астана» қақпасын күзеткен Ненад Эричтің бұл елорда командасы сапындағы 250 матчы екен.

Ненад «Астана» командасына 2011 жылы қосылып, осы аралықта Қазақстанның төрт дүркін чемпионы атанып және де екі мәрте ел Кубогы мен Суперкубогын иеленді.

«Астана» капитаны 250 ойынның, 48-ін еурокубоктарда өткізіп, Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнады.

Эрич «Астана» сапында ең көп ойын өткізген футболшылардың көшін бастап тұр. Оған қоса, «құрғақ» ойындар саны бойынша да ең үздік нәтиже осы қақпашыға тиесілі.

«Астана» сапында ең көп ойын өткізген 10 футболшының ішінде Ненадтан бөлек қазіргі құрамда жүрген бесеуі бар. Олар: Абзал Бейсебеков (236 ойын), Дмитрий Шомко (207), Марин Аничич (183), Серікжан Мұжықов (155) және Евгений Постников (154).

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*