ALADOP.KZ
Қазақстан

«Ордабасыны» Кахабер Цхададзе жаттықтырады

«Ордабасы» клубының бас бапкері Георги Дерменджиевтің орнына кім келетіні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты. 

Естеріңізде болса, болгар маманы Георги Дерменджиев 12 маусым күні қызметінен кеткен болатын. Оның орнына алматылық «Қайраттың» бұрынғы жаттықтырушысы Кахабер Цхададзе келеді. Бүгін грузин бапкері Шымкентте ұшып келді. Қос тарап бір келісімге келген. Ертең бұл туралы ресми хабарлайтын болады.

Айта кетейік, Кахабер Цхададзе осыдан бір жыл бұрын «Қайрат» Еуропа лигасының екінші іріктеукезеңінде албаниялық «Скандербеу» командасына жол бергеннен соң қызметінен кеткен еді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*