ALADOP.KZ
Басты ақпарат Лига 1 Әлем футболы

«Пари Сен-Жермен»- Франция чемпионы!

  «Лилль» 33 турда сырт алаңда «Тулузамен» тең түсіп еді, қызығын «ПСЖ» көріп жатыр.

Осылайша, Томас Тухел баптайтын команда 5 тур бұрын чемпиондыққа қол жеткізіп қойды. Өйткені, екінші орында келе жатқан «Лилльдің» өзінен Париждің клубы16 ұпай алға озып кеткен. Енді «Лилль» қалған 5 ойынның барлығында жеңіп, «ПСЖ» ұтылғанның өзінде ештеме өзгерте алмайды.

Осылайша, «Пари Сен-Жермен» екінші жыл қатарынан чемпион атанып отыр. Ал жалпы осымен қосқанда 8 рет біріншілікті көз басында аяқтамақ.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*