ALADOP.KZ
АПЛ Басты ақпарат Әлем футболы

Педро — Еуропа лигасының осы аптадағы үздік ойыншысы

«Челсидің» испаниялық жартылай қорғаушысы Педро Еуропа лигасының осы аптадағы үздік ойыншысы атанды деп хабарлайды УЕФА-ның ресми сайты. Кешегі «Челси» мен «Славия» (Прага) командалары арасында өткен жауапты матчта  31 жастағы футболшы дубль жасап, бір рет нәтижелі пас берген еді.  Ширек финалдық ойындарда Педродан бөлек,  «Валенсия»  қорғаушысы Тони Лато, «Славия» жартылай қорғаушысы Петр Севчика мен «Айнтрахт» сұрмергені Филип Костич  үздік атануға үміткен болған.

 Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*