ALADOP.KZ
Қазақстан

Пиззели Премьер лигада жеті тур бойы қатарынан гол соғып келеді

Армениялық шабуылшы Маркос Пиззелли Премьер лигада жеті тур бойы қатарынан гол соғып келеді, деп жазады prosports.kz.

33 жастағы футболшы ел чемпионатының 12-ші турында «Ертіс» (1:1) қақпасын дәл көздеген болатын. Содан бері «Ақтөбе» шабуылшысы жасыл алаңнан құр қол қайтып көрген жоқ. Әр ойында кем дегенде бір гол соғып жүр.

13-ші турда Алматыда «Қайратқа» (3:2) қарсы кездесуде екі гол, 14-ші турда «Ордабасы» (3:1) қақпасына бір гол соқты. Одан кейін «Тобылға» (2:3) қонаққа барып, хет-трик авторы атанды. Өз алаңында «Шахтер» (2:0) қақпасына тағы екі гол соқты. 17-ші турда «Қызылжарға» (2:1) қонаққа барып, бір гол соқты. Ал әзірге соңғы ойында «Атырау» (5:1) қақпасына тағы екі нәтижелі соққы жасады.

Осылайша, Пиззели соңғы 7 матчта 12 гол соғып отыр.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*