ALADOP.KZ
Басты ақпарат Сараптама Қазақстан Қазақстан премьер-лигасы

ҚПЛ: 10 турдан сандар сөйлесін

Қазақстан премьер-лигасының  10-туры екі күнге созылды.  Бұл турда алаң иелері 4 рет жеңіске жетсе, 2 матч қонақтардың пайдасына шешілді. Бір қызығы тең нәтижемен аяқталған ойын болған жоқ. Жалпы 10 турда 17 гол соғылды. Оның 5-ін қазақстандық футболшылар, ал қалған 12 голды легионерлер салды.

Турдағы ең жылдам голды ойынның 2-минутында «Шахтер» жартылай қорғаушысы Жан-Әли Пайруз «Жетісу» қақпасына соқса, соңғы голды «Қайсардың» жас жартылай қорғаушысы Шоқан Абзалов  «Тобыл» қақпасына ойынның 90+4-минутында соқты.

Бұл турда төрешілер 2 «11 метрлік» айып добын «Астана» және «Қайрат» қақпасына белгілеп, оны Ньюадзи («Тараз») және Жунич («Атырау») сәтті орындады. «Тобылдың» жартылай қорғаушысы Нұрғалиев әлі де болса сұрмергендер көшін бастап тұр. Оған тараздық легионер Ньюадзи қосылды. Екеуі маусым басталғалы 5 голдан соққан.

Қазақстандықтардың голы ойын тағдырын шешпеді. Ал легионерлердің арқасында «Атырау» «Қайратты» 2-1 (Жунич, 35′, Аблитаров, 69′-Эсеола, 36′) есебімен, «Тараз» «Астананы» 2-0 (Ньюадзи 48′, Лобжанидзе, 76′) есебімен ұтты. «Ақтөбе»,»Тараз» және «Ертіс» командалары маусым басталғалы тең ойнап көрген жоқ.

Алғашқы тайммен екінші тайм арасындағы гол айырмашылығы 9:8. Алаң иелері мен қонақтардың арасындағы гол айырмашылығы 11:6. Қазақстандықтар мен легионерлер арасындағы гол айырмашылығы 5:12. Турдағы орташа гол — 2,83.

Бонус.
0-9′ арасында 2 гол;
10-19′ арасында 0 гол;
20-29′ арасында 0 гол;
30-39′ арасында 4 гол;
40-49′ арасында 4 гол;
50-59′ арасында 2 гол;
60-69′ арасында 1 гол;
70-79′ арасында 1 гол;
80-89′ арасында 2 гол;
90-90+’ арасында 1 гол соғылды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*