ALADOP.KZ
Басты ақпарат Трибуна Қазақстан Қазақстан премьер-лигасы

ҚПЛ: «Астана» қатарынан екінші ойында ұтылды

Бүгін Қазақстан премьер-лигасының 10 туры аясында «Тараз»-«Астана» матчы өтті.

«Тараз»-«Астана» 2:0

«Тараз орталық» стадионы. 6 000 жанкүйер.

Гол авторлары: Серж Ньюадзе, 48 мин (пенальтиден), Лрбжанидзе, 76 мин.

Кездесу əдеттегідей «Астананың» допқа иелік етуімен, позициялы шабуылдауымен  басталды. Ал бұндай ойын өрісіне алаң қожайынлары дайын болып шықты. Сауатты қорғанып, жылдам шабуылшыларына иек артып, қарымта шабуылда ойнауды жөн көрді. Дегенмен бірінші тайм голсыз аяқталды.

Ал қызықтың көкесі екінші таймда басталды. 47 минутта өз айып алаңында Абзал Таубайды құлатып жыққан Дорин Ротариу ойын ережесін бұзды. Белгіленген пенальтиді Серж Ньюадзе сəтті орындап, біріншіліктегі 5 добын салды.

Осыдан соң қонақтар тайлы тұяғымен барын салып, шабуылға көшті. Міне, осындай сəттің бірінде қорғаушы Евгений Постников пас беруде қателесіп, допты «Тараздың» бразилиялық сұрмергені Рибейро Эливелтоның аяғына салып берді. Екі қорғаушыны алдап өтіп тепкен доп үшіншісінен өтпей сепріліп Элгуджа Лобжанидзенің алдынан табылды. Ал грузиялық шабуылшының соққысына ешкім қарсылық көрсете алмады. Осылайша, «Тараз» 76 минутта 2 голды соқты.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*