ALADOP.KZ
Басты ақпарат Трибуна Шолу Қазақстан Қазақстан премьер-лигасы

ҚПЛ: «Астана»-«Шахтёрдан» ұтылып қалды

Роман Григорчук шəкірттері аутсайдерлерге келгенде қауқарсыздау болып тұр. 

«Астана» — «Шахтёр» 1:2.

Гол авторлары: Р. Муртазаев, 34 мин, — М. Шахметов, 78 мин(пенальтиден), С. Зенев, 87 мин.

11 тур аясындағы «Астана» мен «Шахтёр» арасындағы матч күтпеген жерден чемпиондардың жеңілісімен аяқталды.

Негізі матч алаң иелері үшін жақсы басталған. Көбірек шабылдаумен болған «Астана» футболшылар 34 минутта Роман Муртазаевтің соққысынан соң есеп ашқан. Бірінші тайм осы есеппен де бітті.

Алайда, үзілісте бапкер нұсқаулығынан соң ес жинаған кеншілер сауатты қимылдай бастады. Ал 78 минутта ойынға тыңнан қосылған жас ойыншы Жанəлі Пайрузге қарсы Марин Томасов айып алаңында ойын ережесін бұзды. Нүктеге тақап келген Марат Шахметов бұрынғы командасына гол соқты. Осыдан соң қарымта шабуылға иек артқан «Шахтёр» 87 минутта жеңісті жұлып алды. Гол авторы- Сергей Зенев.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*