ALADOP.KZ
Қазақстан

ҚПЛ: «Ордабасы» бірінші таймда-ақ ойын тағдырын шешіп кетті

«Ордабасы» — «Оқжетпес» 3:0.

Гол авторлары: Ж. Пауло, 5 мин, Т. Жаңғылышбай, 14 жəне 38 мин (дубль).

«Қажымұқан» атындағы стадион. 2 700 жанкүйер.

«Ордабасы» істі ұзаққа созбады. Гол тоғытуңа бірден кірісті. Əріптесінің керемет пасынан соң Жоао Пауло қақпашыны сан соқтырып есеп ашты. Осыдан соң «Ордабасы» екпінін екілеп 14 минутта Тоқтар Жаңғылышбайдың арқасында есепті 2:0-ге жеткізді. Сонда да алаң иелері шабуылдаумен болды. Түбі 38 минутта көкшелік қорғаушылар өз айып алаңында өрескел қателік жібіріп, Жаңғылышбайдың дубль жасауына қол ұшын берді.

Екінші тайм екі тараптан да ұйымдастырылған қауіпті шабуылдаумен өткенімен гол соғылған жоқ.

«Ордабасы» 26 ұпай жинап, «Қайсармен» бірдей үшінші орында келеді.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*