ALADOP.KZ
Басты ақпарат Қазақстан

ҚПЛ: «Тобыл»-«Атырауды» ірі есеппен ұтты

«Тобыл» 11 турда «Атырауды» қабылдап, сенімді жеңіске жетті. Енді 23 ұпай жинап, «Қайсармен» бір екінші орынды бөлісіп тұр. 

«Тобыл-Арена» стадионы. 3 000 жанкүйер

«Тобыл» — «Атырау» 3:0. 

Гол авторлары: М. Федин, 44 мин, А. Жулпа, 53 мин, Р. Валиуллин, 90+3 мин.

Өткен турда сырт алаңда «Қайсардан» оңбай ұтылған «Тобыл» 11 турда ес жинады. Мұнайлы өңірдің командасын қабылдап, 3:0 есебімен жеңді.

Бірінші голды тайм түгесілер тұста шабуылшы Максим Федин салды. Бұрыштамадан кейін Фернандер Кассай сырғытып берген допты қақырата теуіп, қақпадан бір-ақ шығарды.

Екінші доп үзілістен соң 53 минутта соғылды. Гол авторы Артурас Жулпа.

Ал үшінші голды ойын аяқталар тұста жартылай қорғаушы Руслан  Валиуллин соқты.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*