ALADOP.KZ
Басты ақпарат Шолу Қазақстан Қазақстан премьер-лигасы

ҚПЛ: «Тобыл» жалғыз із қуушы

«Астанаға» қысымды арттыра алатын команда «Тобыл» ғана болып тұр.

«Тараз» — «Тобыл» 0:1.

Гол авторы: А. Шерстов, 80 мин.

Бұл матчтың «Тобыл» үшін маңызды екенін Владимир Газзаев жақсы түсінді. Сондықтан болар мүмкіндік болса тезірек гол салуға тырысып, қорғанысқа түгел қайтып отырды.  Алайда, «Тараз» шабуылшыларында бірнеше ұрымтал мүмкіндік болды. Бірақ дəлдік жетіспей жатты. Негізі ойын алма кезек шабуылдармен өтті. Ойындағы жалғыз голды 80 минутта Азат Нұрғалиевтің серпіле тепкен добын Тараз қақпашысы сəтсіз, тура алдына тосты. Осы сəтте ойынға тыңнан қосылған Алексей Шерстов бос қақпаға допты сүңгіте салды.

Осы жеңістен соң «Тобыл» 26 ұпайын қанжығалап, таза  2 орынға жайғасты.

 Шамкен БАЙЫРБЕК.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*