ALADOP.KZ
Әлем футболы

Платини: «Алтын допты» Варан алуы тиіс»

Үш мәрте «Алтын доп» жүлдесінің иегері, УЕФА-ның бұрынғы президенті Мишель Платини жылдың ең үздік ойыншысына берілетін France Football басылымы тағайындайтын «Алтын доп» жүлдесінің биылғы иегері — мадридтік «Реал» мен Франция ұлттық құрамасының қорғаушысы Рафаэль Варан болу керек деп есептейді.

«Алтын допты» француз ойыншысы  иеленеді деп үміт артамын. Және маған бұл ойыншыны анықтау қиынға соқпайды. Ол — Варан. Өйткені Рафаэль — чемпиондар лигасында да, әлем чемпионатында да жеңіске жеткен жалғыз ойыншы. Үздік қорғаушы әрі оның жетістіктері объективті. Ал қалғанының бәрі субъективті» — деп келтіреді Платинидің сөздерін L`Equipe басылымы.

Естеріңізге сала кетейік 25 жасар Рафаэль Варан «Алтын доптың» 30 үміткерінің қатарында.

Руслан Мералиев

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*