ALADOP.KZ
Әлем футболы

«ПСЖ» Бускетс пен Ракитичті алғысы келеді

«Пари Сен-Жермен» «Барселонаның» қос жартылай қорғаушысына қызығушылық танытуда.

Sport.es басылымының хабарлауынша, француздық клубтың жартылай қорғанысына бір ойыншы қажет. Сондықтан, «ПСЖ» басшылығы Серхио Бускетс пен Иван Ракитичтің жаңа келісім-шарты төңірегіндегі жайттарға алаңдаулы екен. Алайда, «Барселонаның» бас бапкерінің тактикалық схемасының маңызды ойыншылары каталондық клубтан кетуі екіталай.

Испанияның тағы бір атақты басылымы Marca-ның хабарлауынша, «Барселона» Ракитичті келісім-шартында белгіленген сомадан аз қаржыға жібермейді. Хорват ойыншысының келісім-шартындағы баға 125 миллион еуро екен. Вальверде де Ракитичтің клубтан кетуіне түбегейлі қарсы көрінеді. Оның үстіне, Ракитичтің «ПСЖ» сапына ауысуы, париждік клубтың қаржылық фэйр-плей жағдайын одан ары ушықтырып жібереді-міс. Париж клубына енді қымбат ойыншы алуы үшін дәл сол бағаға ойыншысын сатууы тиіс екен.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*