ALADOP.KZ
3-тайм Басты ақпарат

«Реал» Бэйлге жаза қолданды

БЭЙЛ - жылдамдық эталоны

«Реал» ойыншысы Гарет Бэйл жазаланатын болды. Оның себебі мынада: «Реал Сосьедадпен» болған ойынның аяқталуына 12 минут қалғанда Бэйл аяңдай басып, «Сантьяго Бернабеуден» шығып кеткен. Ол кезде командасы онсыз да 0-2 жеңіліп жатыр еді. Бәлкім бұл жеңіліс жүрегіне қатты батқан да шығар, кім білсін? Бірақ, клуб тәртібінде ойынға қатыспайтын футболшының өзі матч аяқталғанша стадион аумағынан кетпеуі тиіс екен. Енді «Реал» басшылығы Гаретті жазаға тартады. Әлбетте, арқасынан қырық дүре қамшы ұрғызбайды, тек ақшалай айыппұл төлетеді. Ал ол сома Гареттің қалтасына еш соққы болмасы анық.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*