ALADOP.KZ
Әлем футболы

«Реал» Мадрид оңбай жеңілді

6-тур ойындары өте қызықты нәтижелермен басталды. «Леганеспен» сырт алаңда кездескен «Барселона» 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Филипе Коутиньоның соққан голы «Барсаны» алға жетелеп тұрғанымен, кейіннен алаң иелері 2 гол соғып, жанкүйерлерді қатты таңқалдырды. «Барселонаның» тегіс жерден сүрінгеніне қолдарын ысқылап отырған мадридтің аяқдопшылар өздері де омақасты. «Севилья» өз алаңында «Реалдың» тас-талқанын шығарды. Есеп 3:0.  Осы ойындардан кейін «Реалда» да «Барселонада» да 13 ұпайдан. Енді қос алып команда 29-қыркүйек күні 7-тур аясында өз алаңдарында кездесу өткізеді. «Барселона» «Атлетикпен» кездессе, «Реал» «Атлетикомен» ойнайды.

Толығырақ: https://egemen.kz/article/175114-real-madrid-onhbay-zhenhildi

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*