ALADOP.KZ
Әлем футболы

«Реал» жаңа ойыншымен толықты

Мадридтің «Реалы» қысқы трансфердегі алғашқы ауыс-түйісті жасады. Корольдік клуб «Манчестер Ситиден» Браим Диасты сатып алды. Таныстыру рәсімінде футболшы арманындағы командаға қосылғанын атап өтті.

Браим Диас,  «Реал Мадрид» ФК ойыншысы

«Манчестер Ситиден» кету туралы шешімге келген соң, спорттық мансабымды қайда жалғастырамын деген сауалға жауабым дайын еді. Менің ойымда тек «Реал Мадрид» болды. Басқа командалар туралы ойлаған емеспін. Бұл күн отбасым үшін ерекше есте қалады. Алғашқы матчты асыға тосамын.   

«Реал» жартылай қорғаушыны 15 миллион еуроға сатып алды. Қазір Мадрид командасы испан премерасында бесінші орында келеді. Диас корольдік клубпен  алты жарым жылға келісім-шартқа отырды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*