ALADOP.KZ
Қазақстан

РЕСМИ: РОХЕР КАНЬЯС- «ERTIS» ФК ОЙЫНШЫСЫ АТАНДЫ

Павлодарлық «Ertis» футбол клубы колумбиялық жартылай қорғаушы Рохер Каньяспен келісім-шарт жасасқандығы жайлы ресми түрде хабарлайды.

28-жасар футболшы кәсіби мансабын өз елінде «Индепендьенте Медельин» клубында бастаған еді. 2009 жылы Колумбияның чемпионы атанып, шетелде өнер көрсете бастайды. Қазақстандық футбол сүйер қауым Каньясты «Шахтёр» ФК және «Астана» ФК сапындағы ойыны арқылы біледі. Аталмыш клубтардың сапында 4 рет Қазақстан Премьер-Лигасының чемпионы атанған— «Шахтёр» (Қарағанды) 2012 және «Астана» (2014, 2015, 2016). Сонымен қатар 2017 жылы «Ордабасы» ойыншысы бола тұра ел біріншілігінің қола жүлдегері атанған. Бұдан бөлек, «Транзит» (Латвия), «Сибирь» (Ресей), «Ягеллония» (Польша) және «АПОЭЛ» (Кипр) командаларында өнер көрсеткен. Өткен маусымда Беларусь елінің «Шахтёр» (Солигорск) ұжымының намысын қорғаған еді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*