ALADOP.KZ
Еурокубок Қазақстан

Роман Григорчук: «Жеңіске көңіліміз толды, бірақ кейбір кемшіліктерді жоюға тиіспіз»

«Астана» — «Мидтьюлланд» матчы 2:1 есебімен елорда командасының жеңісімен аяқталды. Ойыннан соң баспасөз мәслихатында елордалық ұжымның бас бапкері Роман Григорчук журналистердің сұрақтарына жауап берді,-деп клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

— «Астана» қарсыластың шабуылдағы күшті тұстарын тойтара алды деуге бола ма?
— Барлығын емес, өйткені стандарттардан кейін біздің қақпамыздың алдында 2-3 қауіпті сәт болды. Бірақ, жалпы, қарсыластың басым тұстарына тойтарыс бере алдық.
— Ойынға және нәтижеге көңіліңіз тола ма?
— Бүгін ойын да, стадион да, қолдау көрсеткен жанкүйерлер де — барлығы еуропалық деңгейге сай болды. Ойын соңына таяған сайын бұл айқынырақ сезіле бастады.
— Көпшілік бүгін Джуниор Кабананганы күтті, бірақ ол тіпті ойын хаттамасына да енген жоқ. Бұл шешім немен байланысты?
— Нақты заттар бар да, тәуекел етуге болатын жайттар бар. Бірақ спортты алдауға болмайды. Біз ойыншының дайын емес екенін біле тұра, қиын ойынға оны шығара алмаймыз. Біз осындай шешім қабылдадық, біздіңше ол дұрыс болды. Егер осындай жағдай қайталанса, тағы да осылай істер едік.
— Мұртазаевты алғашқы таймнан кейін алмастыруыңыздың себебі неде? Алексей Щеткиннің ойынына көңіліңіз толды ма?
— Қазір тамаша жағдай, біз жеңіске жеттік, жақсы ойын көрсеттік, сондықтан да бір ойыншыны бөле-жара сынағым келмейді. Бұл бапкерлер штабының шешімі еді. Мен екеуіне де кінәрат артпақ емеспін, бірақ екеуінің де кемшілігі болды. Роман да, Алексей де жеңіске жеткен командада ойнады, олардың осы жеңіске қосқан үлесі елеулі.

2 комментария

babur 25-Шілде, 2018 at 10:09

almeida. enrike. Young. kabananga.
astana super oyinshilardi alipti magan ote katti unadi.. Yoang ta 1 mumkindik boldi jane pas berdi ademi tehnikasi bar ekenin korsetti.. mina oyinwilardi komandaga kalipastiru kerek erterek/// mikti komanda bolamiz sonda… astana uje uroveni mikti boldi… twumasi di satip duris kildi… komandaga osindai ozgerister kerek edi… grigorchuk mikti bapker siakti… enrike men almeida ekeuin osnovnoi sostavka uiretu kerek siakti tegeuirindi oyinshilar optniy korinip tur… shabuilda shetkindi kurtu kerek.. kabananga men young di otkir shabuilga koyu kerek

Жауап
babur 25-Шілде, 2018 at 10:11

jauap oyinda kontr atakamen utamiz… bul komandani utuga boladi.. birak kelesi komanda kiyin dinamo zagrep hapoel di 5-0 kilip maskarasin shigardi… strawni mikti klub

Жауап

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*