ALADOP.KZ
Әлем футболы

Роналду — 5 мәрте «Алтын доп» иегері

Криштиану Роналду и Джорджина Родригес

Кеше түнде Парижде жергілікті France Football басылымы өз әдетінен жаңылмай өткен жылдың ең үздік ойыншысына берілетін «Алтын доп» марапатын мадридтік «Реал» мен Португалия ұлттық құрамасының сұрмергені Криштиану Роналдуға табыстады. Дауыс беру барысында өзінің басты қарсыласы болып саналатын каталондық «Барселонаның» аргентиналық шабуылшысы Лионель Мессиден басым түскен Криштиану, бұл жүлдені 5-ші мәрте иеленіп отыр. Үздік үштікті футбол тарихындағы ең қымбат трансфердің иесі париждік «ПСЖ» мен Бразилия ұлттық құрамасының жұлдызды ойыншысы Неймар түйіндеді. Осылайша Роналду «Алтын доп» жүлдесі жағынан командалық жеңісті жеке марапаттардан жоғары көретін Мессиді қуып жетті. Әзірге Роналду мен Месси дәуірі футбол тарихында аяқталмайынша Гризманн, Неймар және тағы да басқа аяқдопшылар үшін бұл жүлде тәтті түс болып қала бермек. Себебі «Алтын допты» соңғы он жылда иеленген футболшылардың тізіміне көз жүгіртсек, Криштиану мен Леодан басқа біреудің аталмыш жүлдені иеленбегенін аңғарамыз. Бірақ кім біледі, мүмкін алдымыздағы жылда жақсы ойын өрнегін көрсетіп өз командасымен жеңіс тұғырынан көрініп жатса, сол ойыншыға «Алтын допты» неге бермеске?! Ол, әрине уақыт еншісінде әрі Роналду мен Месси де айға қарап қалмайтыны анық.

РУСЛАН МЕРАЛИЕВ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*