ALADOP.KZ
Басты ақпарат Үздіктер Әлем футболы

Роналду ФИФА-ның жыл үздіктерін марапаттау рәсіміне қатыспайды

Туриннің «Ювентус» командасы мен Прортугалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду ФИФА-ның жылдың үздіктерін марапаттайтын салтанатты кешіне қатыспады. Бұл туралы Marca басылымы жазды.

ФИФА бүгін, 24 қыркүйекте жыл үздіктерін марапаттайды. Оған Роналду және өзге де «Ювентус» ойыншылары тығыз кестеге байланысты Лондонға бара алмайды. Турин командасы 23 қыркүйектің кешінде «Фрозинонені» 2:0 есебімен ұтқан еді. Алда 26 қыркүйекте «Болоньямен» кездеседі.

Португалиялық футболшы ұйымдастырушыларға келе алмайтынын алдын-ала ескерткен. Ол «Жылдың үздік ойыншысы» атануға үміткер үш футболшының бірі. Роналдуден бөлек Мохамед Салах («Ливерпуль», Мысыр) пен Лука Модрич («Реал», Хорватия) бар.

Осылайша, Роналду биылғы жылы екінші рет марапаттауға қатыса алмайды. Бұған дейін ол Монакода өткен УЕФА-ның салтанатты марапаттау рәсіміне келе алмаған. Ол кезде тіпті ескертпеген.

Айта кетейік, ФИФА жыл үздіктерін 24 қыркүйекте Лондонда марапаттайды. Былтыр ФИФА-ның нұсқасы бойынша жылдың үздік ойыншысы болып Роналду танылған.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*