ALADOP.KZ
Басты ақпарат Ұзынқұлақтан мәлімет Әлем футболы

Роналду «Ювентустан» кеткісі келеді

Міне, Чемпиондар лигасындағы сәтсіздіктің салдары ақырындап байқала бастағандай ма? Қалай?

Бұл туралы Италияның екі бірдей ірі спорттық басылымы «La Repubblica» мен «La Gazzetta dello Sport» хабарлайды. Аталған басылымдар егер Роналду келесі маусымда қарт құрлықтық басты клубтық додасында топ жара алмаса басқа клубқа ауысатындарына салмақты дәлелдер келтіріп отыр. Оның үстіне қазірдің өзінде КриРо мен «бьянкори» басшылары арасындағы қарым-қатынас шиеленісіп тұр.

Өз кезегінде «La Gazzetta dello Sport»  газеті клуб ішіндегі ақпарат көздерінен алған ақпарат бойынша, португалдық сұрмерген трансфер кезінде құрамды тағы да мықты ойыншылармен күшейтеді деп сенген. Ал «ескі сеньоро» жетекшілері Роналдуды мүлде жоғары қарқындағы ойын өрнегін көрсетеді деп дәмеленген. Нәтижесінде, енді екі жақтың та бір-біріне өкпесі қара қазандай.

Естеріңізге сала кетейік, Роналду мен «Ювентус» арасындағы келісім шарт 2022 жылға дейін жарамды. Осы маусымда ол барлық турнирлерде 38 матч өткізіп, 26 гол салған. Бір қызығы, Криштиану биыл соңғы 9 жылдан бері Чемпиондар лигасының жартылай финалдық ойынына қатыса алмайды.

 Шамкен БАЙЫРБЕК.  

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*