ALADOP.KZ
ӘЧ-2014 ӘЧ-2018

Роналду: Салах «Алтын допқа» таласады

Ресей жеріне келген Криштиану Роналду Чемпионат алдында сұқбат берді. Оның ойынша биыл «Алтын допқа» талас қызу жүреді дейді.

— Биылғы «Алтын допқа» тек Месси мен Роналду таласады десеңіздер қателесесіздер. Бізден де бөлек Әлемде көптеген футболшылар бар. Киевтегі финалда оның жарақат алғаны менің де жаныма қатты батты. Бірақ, ол ойынға қайта оралады, — деді португал ойыншысы. 

Айта кетейік, биылғы жылдың «Алтын добын» алу үшін Мұхаммедке осы Әлем чемпионатында атой салу керек. Дәрігерлердің айтуынша бұғанағы сынған футболшы алғашқы ойында алаңға шыға алмайтын секілді. Дегенмен, одан кейінгі екі ойында алаңға шықса, Мысыр құрамасына соның өзі де үлкен күш болар еді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*