ALADOP.KZ
А сериясы Басты ақпарат Әлем футболы

Роналду жүлде алудан жаңа жетістікке жетті

   Роналду қайда барса да жай жүрмейтін — футболшы. 

Кеше «Ювентус» сұрмергені Криштинау Роналду — қарт құрлықтағы Ағылшын премьер-лигасында, Испанияның Ла Лигасында және Италияның А сериясында чемпион атанған жалғыз футболшы атанып шыға келді.

Естеріңізде болса, Роналду 2007, 2008, 2009 жылдары «Манчестер Юнайтед» сапында топ жарса, Реалмен Примерада 2012 және 2017 жылдары чемпион атанған. Енді биыл «Ювентуспен» Италияда қарсылас шақ келтірмеді. Ал бұл КриРо үшін «бьянконери» сапындағы екінші жүлде. Бұған дейін португалдық шабуылшы Италия Суперкубогында жеңіске жеткені бар.

 Шамкен БАЙЫРБЕК. 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*