ALADOP.KZ
Әлем футболы

Роналду зорлаған қыздар

Лионель Месси чемпиондар лигасының өткен турындағы үздік ойыншы атанды. «Барселона» шабуылшысы «Тоттенхэм» қақпасына екі мәрте гол соқты. Ал, Мессидің басты бәсекелесі Криштиану Роналду Еурокубокты сырттан тамашалады. «Ювентус» шабуылшысы мергендігін А сериясында көрсетіп жүр. Қыз-қырқынның назарындағы жігіттің ойы басқа жақта. Себебі футболшының үстінен сотқа арыз түсіпті. Кэтрин Майорги атты сылқым 2009-шы жылы Роналдудан зорлық көргенін айтып, құқық қорғау органдарына шығып беріпті. Сол кезде футболшы екеуара қарым-қатынасты ұмыту үшін қызға 375 мың доллар төлепті. Алайда Роналду өзіне тағылған айыптармен келіспейді. Осы жағдайларға байланысты Криштиану жыл соңына дейін Португалия ұлттық құрамасы сапындағы ойындарға қатыспайды. Бас бапкер мен футбол федерациясының президенті де бұл шешімді құптайды. Роналду Ұлттар лигасы аясындағы Польша мен Италияға қарсы ойыннан сырт қалды. Сонымен қатар, Шотландиямен болатын жолдастық кездесуге де шықпайды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*