ALADOP.KZ
Әлем футболы

Роналдудың А Сериясындағы алғашқы матчын 2,3 миллион италияндық жанкүйер тамашалаған

Дебютный матч Роналду в Ювентусе собрал в Италии больше 2 млн телезрителей

Криштиану Роналдудың «Ювентус» сапындағы А Сериясындағы дебютті матчын 2,3 силлион жанкүйер теледидардан тамашалапты.

Gazzetta dello Sport-тың мәлімет бойынша, бұл көрсеткіш Sky Italia-ның тарихындағы төртінші көрсеткіш екен. Былтырғы жылғы маусымның алғашқы кездесуімен салыстырғанда «Кьево» — «Ювентус» матчының көрермен саны 68 %-ға көп болған.

Роналдудың дебютті матчынан көп көрермен жинаған ойындар: 2013 және 2016 жж. маусымдағы Италия дербиінің («Интер»-«Ювентус») матчтары және 2015 жылғы «Рома» мен «Ювентус» арасындағы кездесулер екен.

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*