ALADOP.KZ
Әлем футболы

Роналдудың басынан дау кетпеді

«Ювентус» футболшысы Криштиану Роналдудың басынан дау кетпеді. Аладоп шебері Америкалық сәнқой Кэтрин Майоргиді зорлаған деген күдікпен іс қозғалды. Осыған байланысты Невада штатының полициясы Италия билігіне арнайы сұрау салды. Енді Роналду өз ДНК-сын АҚШ құқық қорғау органдарына жіберуі керек. Майорга португалиялық футболшының үстінен былтыр арыз берген еді. Қыздың айтуынша, келеңсіз жағдай 2009-шы жылы түнгі клубта болған. Криштиану шаруасын бітірген соң, қызға ауызбастырық ретінде 375 мың доллар берген. Алайда Кэтрин ол келісімге қысым жасалғаннан кейін қол қойғанын мәлімдеп, тағы 200 мың доллар сұрап отыр. Енді полиция қыздың көйлегінен табылған ДНҚ-мен істі анықтайды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*