ALADOP.KZ
Әлем футболы

Роналдудың оралуы

Кеше түнде УЕФА чемпиондар лигасының 3 туры аясында «Н» тобының фавориттері италиялық «Ювентус» пен англиялық «Манчестер Юнайтед» Манчестерде күш сынасты. Ішкі дау-дамайларын жеңе алмай жүрген Моуриньо шәкірттері Италиядан келген қонақтарға 0:1 есебімен есе жіберді. Футбол сүйер қауым бұл матчты ерекше күтті. Себебі әлемнің үздік футболшыларының бірі Роналду «Олд Трафордқа» оралған еді. Бірақ бұл жолы қарсылас ретінде.

Ал ойынға келер болсақ, кездесу көпшілік күткендей тартысқа толы болмады. Ойында тек бір гол ғана соғылды. Оның авторы Пауло Дибала атанды. Осы жеңісінен соң Аллегри шәкірттері 9 ұпаймен «Н» тобының көшін бастап тұр. Артынша «қызыл сойқандар» 4 ұпаймен жайғасса, «Валенсия» мен «Янг Бойз» 2, 0 ұпайларымен тиісінше 3-4 орынды бөліп тұр

Руслан Мералиев

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*