ALADOP.KZ
Ала доп аңыздары Басты ақпарат ФИФА Әлем футболы

Сұрмерген қақпашы білікті бапкерге айналып келеді. Рожерио Сени туралы видео

Сұрмерген қақпашы? Сіз оны ұмытпаған боларсыз?.. Себебі, Рожерио Сени айып соққысын орындау мен пенальти тебудің хас шебері атанған, жалпы 132 гол соққан қақпашы. Сондықтан ФИФА — Рожерионы футбол тарихында ең көп гол соққан қақпашы деп ресми мойындаған.

Есім-сойы елеулі футболшы 2016 жылдың соңында бапкерлік қызметін бастаған еді. Кезінде өзі ойнаған «Сан-Паулу» клубында 2017 жылы іске кірісе бастаған. Алайда, қызметке кіріскен күннің ертеңінде сырт алаңда «Фломенго» клубынан 2:0 есебімен ұтылған соң қызметінен қуылады.

Міне, қызық! 

Осыдан кейін Бразилияның В сериясындағы «Форталезу» командасына бапкер болып тағайындалады. Ал кеше білікті бапкерге айналған Рожерио Сени «Форталезуды» А сериясына алып шықты.  Осы айтулы оқиғаның құрметіне орай Сан-Паулудан келген жанкүйерлер мен бірге жерлігікті фанаттар қосылып Сениге керемет қолдау көрсетті. Өз кезегінде даңқты футболшыны қатты елжіреп, көз жасына ерік берді.

 

Шамкен БАЙЫРБЕК.  

  

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*