ALADOP.KZ
Басты ақпарат Премьер-лига Қазақстан

Саян Хамитжанов «Астана» клубынан кетеді

Қазақстан премьер-лигасының 2018 жылғы маусымы аяқталған соң, «Астана» клубының президеенті Саян Хамитжанов қызметінен кетеді.

Елордалық клубтың басшысы мұндай шешімге өткен жылы келген болатын. Жақында Саян Хамитжанов Sports.kz тілшісіне берген сұхбатында бұл шешімін өзгертпейтінін айтыпты.

– Еурокубоктағы әрбір жетістіктің, премьер-лигадағы әрбір чемпиондықтың артында үлкен еңбек тұр. Жүйкге көп салмақ түседі. Уайым көп болады, ұйқысыз түндерді өткіземіз. Бәлкім, біздің бұл жетістігімізді жақын адамдарымыз ғана бағалайтын шығар. «Астана» клубында басшылық еткен осы жылдарымда қоғам тарапынан, жанкүйерлер мен БАҚ өкілдері тарапынан көп қысым болды.Былай сыртынан қарасаң, «Астана» осындай жетістікке оңай жетіп жатқан сияқты көрінеді. Шындығында олай емес. Сондықтан маусым соңында «Астана» клубынан кетемін. Ол туралы өткен жылы-ақ айтқанмын, – дейді Саян Хамитжанов.

Клуб президентінен кеткен соң, Еуропаға барып білім алуды көздеп отырғанын да жасырмапты.

– Маған жаңа біліктілік, жаңа серпіліс қажет. Екі бағытта өзімді жетілдіргім келеді. Еуропада футбол менеджменті бойынша қайтадаярлаудан өтіп және бизнес мектебі бойынша да білім алғым келеді, – дейді ол.

Айта кетейік, Саян Хамитжанов «Астана» клубының тізгінін ұстаған жылдары елорда клубы тұрақты түрде чемпион атанып, еурокубок ойындарында топтық кезеңге шығып жүр.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*