ALADOP.KZ
Қазақстан

Саян Хамитжанов: «Рангело Янганы қатарға қосу арқылы, біз осы маусымдағы трансферлік белсенділігімізді аяқтаймыз»

«Астана» Президенті Саян Хамитжанов шабуылшы Рангело Янганы қатарға қосу туралы өз пікірін білдірді, — деп елордалықтардың ресми сайты хабарлады.

Біз «Астана» құрамындағы барлық позицияда бәсекелестікті арттыруға тырысамыз. Оған қоса, команда Қазақстан чемпионаты мен Еурокубоктерде қатар ойнағандықтан, ойыншыларға үлкен күш түседі. Сондықтан, бапкерлер штабы команда құрамына өзгерістер енгізіп отыруы үшін осы қадамға барып отырмыз. Сол үшін ағымдағы трансферлік терезеде осы ойыншыны сатып алғанды жөн көрдік.

Рангело Янга – команданың ойын мәнеріне сай келетін шабуылшы. Рангело қарсыластың қорғаныс қамалын бұзып-жаруға қауқарлы, қуатты және баспен өте жақсы ойнай алады. Бұл классикалық шабуылшы. Янга Голландия футбол мектебінен өтіп, осы елдің әртүрлі жастағы жасөспірімдер құрамасында өнер көрсеткен және еуропаның маңдай алды Словакия мен Бельгия чемпионаттарында ойнап, мол тәжірибе жинаған.

Осы орайда, Янга біздің шабуыл шебіндегі ойыншыларға лайықты бәсекелестік танытып, оның еуропада жинаған мол тәжірибесі «Астананың» өз алдына қойған мақсаттарына жетуіне көмектеседі деген сенімдемін.

«Астана» бұл футболшыны қатарға қосу арқылы, осы маусымдағы трансферлік белсенділігін аяқтайды. «Астана» сапына қосылған жаңа ойыншылар команда сапына тез бейімделіп, біздің жанкүйерлердің ыстық махаббатына ие болады деген ойдамын!

fcastana.kz

2 комментария

babur 21-Шілде, 2018 at 8:44

keremet jumis jasadindar malades/// endi osi shabuilshi erterek formasin jinap katarga kosilip ketse jaksi bolar edi/// murtazaev kabananga young osi uweuimen oinasak keremet bolar edi// nagiz mbappe kavani neimar boladi ))))
Bir kizigi bul oyinwi katarga kosilganwa astana uwip ketpese boldi eurokuboktan

Жауап

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*