ALADOP.KZ
3-тайм

Санчес «Ситиге» ауыспақшы. Не үшін?

LONDON, ENGLAND - OCTOBER 01: Alexis Sanchez of Arsenal reacts during the Premier League match between Arsenal and Brighton and Hove Albion at Emirates Stadium on October 1, 2017 in London, England. (Photo by Julian Finney/Getty Images)

«Арсенал» командасының вингері Алексис Санчес «Манчестер Сити» командасына ауыспақшы. Не үшін дейсіздер ғой? Ақша үшін. Кәсіпқой футболда көп нәрсені ақша шешеді. Оның үстіне «Арсенал» клубының бастықтары амалсыз трансферге келісіп отыр.

Себебі, олардың алдында 2 таңдау тұр. Маңызды матчтар жақындап, маусымның бел ортасы тақаған шақта әрине команда лидерін сатып жіберу ақылға қонымсыз. Дегенмен, оны қазір өздерінде алып қалатын болса жазда келісім-шарты аяқталып, чилилік футболшы басы ауған жаққа тегін кетеді де қалады. Санчестің өзінің ойы бәрібір дейді. Жазда маусым аяқталысымен сөмкеге киім-кешекті жинап, өзге қалаға тайып тұру. Бірақ, «Арсенал» оны қаңтар айында сатып жіберіп, азды-кем ақша тауып қалсақ па дейді. Ол дұрыс бір жағынан.

MADRID, SPAIN - MAY 25: Head coach Pepe Guardiola (L) of Barcelona embraces Alexis Sanchez after their victory in the Copa del Rey Final match between Athletic Bilbao and Barcelona at Vicente Calderon Stadium on May 25, 2012 in Madrid, Spain. (Photo by Angel Martinez/Getty Images)

Ал «Ситиге» бәрібір. Оларға қазір Санчесті сатып алып, ішкі біріншілікке жегіп қою. Себебі, команда биыл Чемпиондар лигасында ойнайды. Плэй-оффта маңызды матчтар күтіп тұр. Ақшадан еш қысылатын емес. «Арсеналға» төлеген ақшадан бөлек, Алексиске жылына 15 миллион жалақы да береміз деп дәмелендіріп отыр. Оны естіген Санчес ескі досы Гвардиоланың командасына баруды көздейді. Екеуі кезінде «Барсада» болды ғой.

Жақын күндері осы трансфер жайлы толық ақпараттарды салып отыратын боламыз. «Аладоппен» бірге болыңыздар!

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*