ALADOP.KZ
Басты ақпарат Ұлттар Лигасы Ұлттық құрама

Станимир Стоилов: Латвия көрсетіп жүрген нәтижесіне сай команда емес

Латвия – Қазақстан құрамалары арасындағы ойын алдында құрама командамыздың бас бапкері Станимир Стоилов тілшілер сауалына жауап берді.

— Дайындығымыз қарапайым күйде өтті. Футболшыларымыздың барлығы дайын. Ертең біз жақсы деңгейдің ойынын көре аламыз. Осыған дейінгі матчтарда біз жақсы ойын көрсеттік.

— Астанада өткен жаттығу жиындарында неге көңіл бөлдіңіз?

— Ең алдымен біз футболшылардың қайта қалыпқа келуіне көңіл бөлдік. Олардың басым бөлігі жексенбі мен бейсенбі күні матчтар өткізді. Капитан Шомконың кішігірім жарақаты болған, алайда ол ертеңгі ойынға дайын.

— Латвия құрамасы жайлы не айта аласыз? Олардың басым түсетін тұстары бар ма?

— Латвия өзінің көрсетіп жүрген нәтижелеріне сәйкес емес. Олар негізі жақсы көрсеткіш ала алатын команда. Олар қорықпай ойнайды. Латвия біздің лигада екінші себетте. Олар рейтинг бойынша бізден жоғары тұр. Бірақ, бір ғана матч жайлы айтып қарайтын болсақ, ойын тартысты әрі тең дәрежеде өтуі мүмкін.

— Латвия футболымен қандай да бір естеліктеріңіз бар ма?

— Юрмалада бір кездесу өткізгенім есімде. Бірақ, сол кезде менің шәкірттерім қарсыласты кішкене менсінбей шыққандай болды. Соның салдарынан Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне өту сәл қиындау болды.

— Қазақстан чемпионатында «Ақжайық» үшін ойнайтын Карашаускас жайлы не айтасыз?

— Карашаускас жайлы білемін. Ол ішкі біріншілікте жақсы ойнап жүр. Латвиялық футболшылар комбинациялық ойын көрсетеді. Олар еуропалық мәнерде ойнайды.

— Қазақстан құрамасының ойыншылары түгелге дерлік ішкі біріншілікте ойнайды. Бұл Сіздің құрамаңызға қалай әсер етеді?

— Бұл сауалға бірнеше жауап бар. Ұлттық құрама деңгейінде бұл мәселе көп әсер етпеуі мүмкін. Егер құрама ойыны біркелкі, әрі ойыншылар бір-бірін жақсы түсініп тұрса. Екінші жағынан футболшылардың мықты біріншілікте ойнағаны ұлттық құрамаға жақсы. Себебі, ол ойыншылар команда ойынына өзінің көрген білгенін алып келері анық.

— Құраманың дені «Астана» мен «Қайраттың» ойыншылары. Олар бір-бірімен команда ішінде бөлініп жүрген жоқ па?

— «Астана» мен «Қайрат» ойыншылары құрамада бөлініп жүргенін байқамадым. Болгария құрамасын баптаған кезде де әртүрлі бәсекелес командалардың ойыншылары болған. Бірақ, олар құрамаға келген кезде барлығын ұмытады. Сол секілді біздің команда да екіге бөліну деген жоқ. Қазір, құрамада көптеген өзгерістер бар. Олар бөліну туралы ойлап та жүрген жоқ.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*