ALADOP.KZ
Әлем футболы

Сульшердің алғашқы жеңілісі

Ағылшын Премьер-лигасының 30-турының орталық кездесуі Лондонда өтті. Әйгілі «Эмирейтсте» «Манчестер Юнайтедті» жергілікті «Арсенал» қабылдап, 2:0 есебімен тізе бүктірді. Қос команда бір-біріне шабуылдар өткізіп ойын бойынша тең ойнағанымен, сәттілік алаң иелерінің жағында болды. Джака мен Обамеянгтың голдары Эмеридің шәкірттеріне жеңіс сыйлады.  Осы жеңісінен соң лондондықтар турнирлік кестенің 4-ші орнына көтерілсе, тиісінше «қызыл сойқандар» 5-ші орынға сырғыды. Сонымен қатар Сульшердің келуімен лигада жеңіліп көрмеген «Манчестер Юнайтед» биылғы жылы алғаш рет жеңілістің ащы дәмін татты.

 

Руслан Мералиев

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*