ALADOP.KZ
Басты ақпарат

Суперкубок. «Қайрат» жеңетініне 5 себеп бар

«Қайрат» пен «Астана» «Ел класикосында» қайта жолығады. 3-наурыз күні Алматының «Орталық» стадионында Қазақстан Суперкубогын сарапқа салады. Алексей Шпилевскийдің командасына бұл қосымша шабут екені анық. Өз стадионында әрі жергілікті жанкүйерлердің қолдауын сезіну командаға күш берері анық. Мамандардың сын садағына ұшырағаннан кейін Шпилевскидің де өз-өзін көрсетер кезі келді. Сонымен бірге, «Қайраттың» жеңіске жетуге тағы бір мүмкіндігі пайда болды. Ол «Астан» командасынан Педро Энрике, Ричард Алмейда, Бахтиёр Зайнутдинов және Сергей Малый секілді ойыншылардың кеткені. Алматылық «Қайрат» оқу-жаттығу жиындарында жолдастық ойындарын жақсы өткізді. Олар 3 рет жеңіске жетіп, 2 мәрте тең түсті. Әлбетте, «Астананың» қарсыластары деңгей жағынан сәл жоғары болды. Дегенмен, жеңістердің көптігі де командаға қосымша шабыт берері анық қой. «Қайрат» қателесуге ешқандай қақысы жоқ. Себебі, өткен жылдың соңында олар біріншілікті шынын айтқанда құр ойнап шықты. Жанкүйерлерін жерге қаратып алған клубқа қазір бірден трофей жеңу қажет.

Ал енді Суперкбокты неліктен «Астана» жеңуі мүмкін. Оның да бес себебі бар.

Бірінші әрі көз көріп тұрған жағдай ол «Астананың» мықтылығы. Өткен маусым соның дәлелі. Негізгі ойыншылары кетсе де, елордалықтар ойын мәнерін жоғалтпады.

Екіншіден, екі команданың кездесу тарихын келтірсек те жетеді. 35 ойынның 15-інде астаналықтар жеңісті тойлаған. 10 ойында қарсыластар тең тарқасты. Өткен жылдардағы жеңістер «Астананы» бұл ойында фоварит қылмасы анық, Дегенмен Роман Григорчук командаға қайта оралып, Шпилевский секіолді өзінің мықты екенін дәлелдеуі тиіс. Себебі, Григорчук өткен маусымның бел ортасында отбасылық жағдайларға байланысты қызметтен кете тұрған.

Ненад Эрич – «Астананың «Суперкбокты» жеңңуіне жетелейтін тағы бір себеп. Жақсы қақпашы жарты команда демекші Ненад кейде пенальти тосып, керемет сейвтер жасап, әріптестерін алға жетелейді.

«Астана» ойцыншылары физикалық тұрғыда «Қайрат» ойыншыларынан мықтырақ. Оны ҚПЛ ойындарынан-ақ  анық байқауға болады. 70 минуттарда алматылық қайрат жылдамдығын жоғалтып, бәсеңсіп қалатын болса, еурокбок пен біріншілікті қатар алып жүретін «Астанадан» ондайды байқай бермейміз. Алексей Шпилевскийге осы тұрғыда көп жұмыс істеу қажет. Себебі, өткен маусымда «Қайрат» көбінесе ойын соңында гол жіберетін.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*