ALADOP.KZ
Әлем футболы

ТӨРЕШІЛЕРГЕ ВИДЕОБАҚЫЛАУ КӨМЕКТЕСЕДІ

УЕФА атқарушы комитеті тағы бір тарихи шешім шығарды. Биыл әлем чемпионатында қолданысқа енген видео бақылау камералары енді Чемпиондар лигасында да болады. УЕФА да заман ағымына ілесіп, ФИФА-дан кейін техниканың көмегіне жүгінуді жөн деп шешті. Төрешілердің жұмысын жеңілдетуі тиіс видео бақылаулар  Чемпиондар лигасының келесі маусымында 1/8-ші финалдан бастап қолданысқа енеді. Камералар 2019-шы жылғы УЕФА суперкубогы мен 2020-шы жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңінде қолданыста болады. Бақылау камераларын Ұлттар лигасына 2021-ші жылы енгізу жоспарда бар. Ал, Еуропа лигасының топтық кезеңінен 2020-шы жылы көріп қалуымыз мүмкін.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*