ALADOP.KZ
Әлем футболы

Төртінші «төрттік»

«Манчестер Юнайтед» командасы Ағылшын премьер-лигасында тағы бір мәрте жеңіске жетті. Бұл жолы «қызыл сойқандар» «Кристал Пэласты» ұтты. Ойынның нәтижесі 4:0. Голдарды Мата, Фэллаини (2), Лукакулар соқты. Айта кетейік алғашқы екі турды қатарынан 4:0 есебімен бастаған «МЮ» осымен төртінші мәрте осындай есеп тіркеп отыр. Жозе Моуриньо шәкірттері қазір АПЛдің турнирлік кестесінде бірінші орында тұр.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*