ALADOP.KZ
Еуро Ұлттық құрама

Тең нәтижеге қол жеткіздік

Скандинавия түбегінің өкілдері Еуропа чемпионатының финалдық кезеңінде өнер көрсетпек

2016-жылғы Францияда өтетін Еуропа чемпионатына іріктеу аясында Қазақстан Исландияға қонаққа барды. Аралдық мемлекет үшін бұл ойын тарихи сәтке ұласуы мүмкін болатын. Ол үшін Лагербек шәкірттері жерлестерімізге жеңілмесе жетіп жатыр еді. Қауіпті сәттер аз болған ойында екі команда тең тарқасты. Сөйтіп тарихында тұңғыш рет исландықтар дүбірлі додаға жолдама алып, іріктеу кезеңінің басты сенсациясына айналды. Қазақстан ұлттық құрамасы болса топтық кезеңдегі екінші ұпайына қол жеткізіп отыр. Алғашқы тура Красножан баптайтын команда Астана-Аренада латыштармен тең тарқасқан еді.

Исландия-Қазақстан 0:0
Исландия: Халльдоурссон, Севарссон, Сигурдссон Р., Арнасон, Скуласон, Бьярнасон, Сигурдссон Г., Бедварссон (Кьяртанссон 85), Гуннарссон, Гудмундссон, Сигторссон
Казахстан: Покатилов, Малый, Гурман, Сымақов, Суюмбаев, Логвиненко, Қуат, Қонысбаев, Исламхан, Нөсербаев (Щеткин 76), Жолшиев (Меркель 46)

Ескертулер: Гудмундссон 20, Гуннарсон 80 — Джолчиев 30, Нөсербаев 40, Суюмбаев 64, Логвиненко 71, Меркель 74

Алаңнан қуылды: Гуннарсон 89

Төреші: Евгений Арановский (Украина)
6 қыркүйек. Рейкьявик. «Лейгардальсведлюр»

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*