ALADOP.KZ
Еурокубок Қазақстан

«Тобылдың» Еуропа лигасындағы қарсыласы 16 матч бойы жеңе алмай келеді

Қостанайлық «Тобылдың» Еуропа лигасы бірінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласы грузиялық «Самтредиа» ұлттық чемпионатта сәлсіз өнер көрсетуде.
17-турда «Самтредиа» сырт алаңда «Руставиге» 1:2 есебімен есе жіберді. Қонақтар сапынан Интерс Гуй гол соқты.
17 турдан соң «Самтредиа» 9 ұпаймен турнир кестесінде соңғы орында тұр. «Тобылдың» алдағы қарсыласы 16 матч бойы жеңіске жете алмай келеді. Соңғы рет «Самтредиа» 5 наурызда жеңіске жеткен.
«Тобыл» мен «Самтредиа» арасындағы алғашқы матч 10 шілдеде Грузияда, қарымта ойын 19 шілдеде Қазақстанда өтеді.

Prosports.kz

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*