ALADOP.KZ
Еурокубок Әлем футболы

УЕФА жаңа турнир ұйымдастыруға келісім берді

 Енді қарт құрлықта Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасынан бөлек, жаңа клубаралық бәсеке пайда болады.

Еуропалық клубтар ассоциациясының президенті Андреа Аньелли, 2021 жылдан бастап УЕФА жаңа үшінші еурокубоктік турнирді құруға рұқсат бергенін хабарлады.

Әзірге, аталған турнирдің форматы және қалай аталатыны жөнінде ешқандай ақпарат жоқ. Алайда, «белгісіз» бәсекенің жеңімпазы атану үшін 96 клуб бақ сынайтыны белгілі болып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, УЕФА аясында 1995 – 2008 жылдар аралығында басқа үшінші турнир өткізіліп келген-ді. «Интертото кубогы» атауымен өткен бұл турнирде 2007 жылы Қостанайдың «Тобылы» жеңімпаз атанып, ТМД аймағында бұрын соңды бұндай нәтижеге қол жеткізген  алғашқы және соңғы клуб атанған болатын.

                                                                                                              Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*