ALADOP.KZ
Қазақ футболының тарланы Қазақстан

«Уфа» ФК-ның тағы бір матчында Сейдахмет алаңға шықпады

Австрияның Майрховенінде оқу-жаттығу жиынын өткізіп жүрген «Уфа» ФК-ның екінші кездесуінде қазақстандық шабуылшы Еркебұлан Сейдахмет алаңға шықпады.

Башқұртстан клубының кезекті қарсыласы Чехияның «Пршибрам» командасы болды. Бұл кездесуде Еркебұланның командаластары 2:1 есебімен жеңіске жетті. Ойын барысында  уфалықтар құрамын толықтай дерлік ауыстырғанымен, қазақтың футболшысы алаңға шықпады.

«Уфа» ФК (Уфа, Ресей) – «Пршибрам» (Пршибрам, Чехия) – 2:1 (1:1).

«Уфа»: Беленов – Круговой (Йокич, 61), Пуцко (Аликин, 61), Никитин (Неделчару, 61), Тумасян (Сухов, 61), Живоглядов (Дивеев, 81) – Карп (Ванек, 79), Безденежных (Салатич, 71), Сысуев (Слай, 65) – Кротов, Фатаи (Пауревич, 57).

 

фотосурет: fcufa.pro

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*