ALADOP.KZ
Премьер-лига Қазақстан

Уго Секу: «Біз үшін аса маңызды жеңіс»

«Ертістің» жартылай қорғаушысы  Угу Секу «Ордабасымен» өткен матчта бірінші болып есепті ашып, павлодарлық клуб сапында алғашқы рет гол соқты.

-Біз үшін аса маңызды жеңіс. Психологиялық тұрғыдан көмектеседі. Алда өте аз ойын қалды. Әрбіреуінде біз жеңіске жетуге тырысамыз. Әрине, клуб сапында алғашқы рет гол соққаныма қуаныштымын. Бұл команданың арқасында. Біз бір-бірімізді қолдаймыз. Бұдан бөлек, құрамада менің ана тілімде сөйлейтін футболшылар көп, команда ішіндегі атмосфера тамаша. Әр ойыннан кейін менің сенімділігім, физикалық жағдайым артып келеді. Әлі де көп еңбек етіп, команданың ортақ нәтижесі үшін барымды саламын, — дейді Секу.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*