ALADOP.KZ
Әлем футболы

Уругвайдың бас жаттықтырушысы Ресейдегі доп додасын тарихтағы ең үздік ӘЧ-ы деп атады.

Уругвайдың бас жаттықтырушысы Оскар Табарес Ресейдегі турнирді Әлем чемпионаттары тарихындағы ең үздігі деп баға берді.

— Егер өткен турнирлермен салыстырғанда, Ресейдегі чемпионат сапалы ұйымдастырылған, әсіресе, қауіпсіздік жағынан. Меніңше, бұл тарихтағы ең үздік турнир, — деп атап өтті Табарес.

Уругвайлықтар 6 шілде күні Төменгі Новгородта  2018-ӘЧ-ның 1/4 финалында Францияға қарсы кездесу өткізеді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*