ALADOP.KZ
Үздіктер

Виктор Кумыков: «Шахтер» секілді тағы бір рет Еуропаны шулатамын

Біз осы күндері «Астананың» Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасындағы тұрақты өнеріне еш таңқалмайтын болдық. Алайда, Еурокубоктың топтық кезеңіне шыққан алғашқы қазақ командасы ол қарағандының «Шахтері». Сол кездегі «Шахтер» шынымен де тегеурінді мықты ұжым еді. Команданы сол кезде баптаған Виктор Кумыков қазақ еліне қайта оралды. Ол өткен маусымнан бері «Атырау» клубының бас бапкері.

Виктор Кумыков Еуропаға алғаш терезе ашқан бапкер. Оның баптауымен қарағандының «Шахтері» еурокубокың топтық кезеңіне енген алғашқы қазақ командасы болып тіркелді. Ол баптаған команда елімізде үш жыл қатарынан үздік болып жүрді. Ал бапкер ретінде өзі екі мәрте жыл бапкері атанды. Сол кездегі «Шахтер» еуропалық командалардан еш қорықпай ойнады. «Астана Аренадағы» «Селтикке» қарсы өткен ойын соның дәлелі. Ол ойында кеншілер сенсация жасап, жеңіске жетті. Бапкер сол кездегі сәттілікті өзі баяндайды.

Виктор КУМЫКОВ, «Атырау» командасының бас бапкері

Ең бірінші кезекке мен басшылықтың қолдауы мен сенімін айтар едім. Екіншіден бізде жұлдызды ойыншылар болмағанымен, талпынысы тау қопарардай жігіттерді жинай алдық. Олар футболда бір жетістікке жеткісі келіп жүрген ойыншылар еді. Сосын олар жаттығуларда аянбай тер төкті. Сол жұмыстар жемісін берді. Сол кезде жаттығулардағы ауыр жұмыстарды қазіргі ойыншылар көтере алмас еді деп ойлаймын. Ол кезде біздің жаттығуларды бірді бір ойыншы жіберген жоқ. Себебі барлығының мақсаты бір болды.

1999 жылы Виктор Кумыков «Астанаға алғаш рет аяқ басты. Сол шақта елордалық «Жеңіс» клубында селекционер қызметіне алынғанын Виктор Балютұлы еске жиі алады.

Виктор КУМЫКОВ- «Атырау» командасының бас бапкері

Маған Астана қатты ұнады. 20 жыл бұрын әрине көп ғимарат әлі салынбаған еді. Дегенмен қаланың орталығы қалыптасып, күн сайын көркейіп келе жатқаны көрініп тұрды. Мен түнде келгенімде қала жарқырап жанып тұрды. Адамдарымен де араласу тез жүрді. Кеңес одағы ыдырағаннан кейін 20 жылда бұл жер қатты өзгергенін аңғардым. Оның үстіне менің өзім де Қап тауының адамымын ғой, сондықтан қазақтармен тіл табысуым тез болды. Бәлкім кейіннен тәуелсіз Қазақстанда туған балалар өзгеше болатын шығар.

Бас бапкер қызметі өте қауірт жұмыс. Ол командамен 24 ссағат, аптасына 7 күн болуы тиіс. Жанұяңа бөлетін уақыт та таппай қалатын кездер болады дейді Виктор Кумыков.

Виктор КУМЫКОВ- «Атырау» командасының бас бапкері

Бастапқыда, балалар кішкентай кезде қиын болатын. Ал қазір олар қсті, маған да кішкене жеңіл болып келеді. Қазір жұбайым да жиі келіп тұрады.

Ал сәл бос уақыт пайда бола қалса ресейлік маман өзінің хоббиын да ұмыт қалдырмайды.

Виктор КУМЫКОВ-«Атырау» командасының бас бапкері

Мен тарихты жақсы көремін. Тарихи кітаптар оқығанды жаным жақсы көреді. Қазір ғаламтор пайда болғалы бері де жақсы болды. Бұрын оқыған дүниелерімді тез еске түсіріп отырамын. Ежелгі тарихтарды оқи отырып өзіме жаңа хобби аштым десем өтірік емес. Қазақстанға келген кезде оқығаным ол «Көшпенділер» трилогиясы еді.

Қазір Виктор Кумыков «Атырау» командасын жаттықтырады. Ол өткен жылы команданы қиын жағдайда тұрған кезде қабыл алды. Атырау жоғары топтан шығып қалудың аз-ақ алдында тұрды. Бапкерлік жұмыстың біліктілігінің арқасында «мұнайшылар» орындарын сақтап қалды. Онысымен де қоймай, ел кубогының финалына да жолдама алды. Биыл команда жаңарып, жаңа мақсаттар қойып отыр.

Виктор КУМЫКОВ- «Атырау» командасының бас бапкері

Бапкерлер штабы мен футболшылардың ара қатынасы қазір жақсы болып тұр. Қазір басты мәселе инфроқұрылымда. Чемпионаттың біршама бөлігін біз қонақта өткізетін сияқтымыз. Ал үйде ойнағанда бізге жанкүйерлер болысар еді. Бірақ, ең бастысы футболшылардың барлығы әр ойын сайын соңына дейін жүгіретін болады. Ол анық. Қай орын алсақ та біз бар күшімізді салуымыз керек. Ең бастысы сол.

1 пікір

Ердан 14-Наурыз, 2019 at 4:09

Атыраумен Европаны шулатайндеп жүрме, мұнайлы қала футбол оинайтын алаңдары жоқ, несімен шулатайндеп жүр.

Жауап

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*