ALADOP.KZ
Басты ақпарат Премьер-лига

Виктор Кумыков: Өзбекстан соңғы бес жылда бес жаңа стадион салды

«Атырау» командасының бас бапкері Виктор Кумыков Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында Өзбекстан мен Қазақстандағы инфрақұрылымды салыстырып өткен.

 Спорттық инфрақұрлым тұрғысынан Өзбекстан Қазақстаннан алға озып кеткен деген пікір бар. Осыған келісесіз бе?

– Қарапайым мысал: Соңғы бес жылда жаңадан бес стадион салды және тағы екеуін қайта жөндеуден өткізді. Әрбір клуб өз стадионында ойнайды. Барлығында табиғи жасыл алаңдары бар. Олар бұл жұмысты әріқарай жалғастырып жатыр.Биыл Қоқан қаласында тағы бір стадионның құрылысын бастайды. Өзбекстан шынымен де, инфрақұрлымға көп инвестиция салды. Соның арқасында бұл салада даму байқалады.

Әрине, Өзбекстанда «Қайраттың» базасындай академия жоқ. Алайда, инфрақұрылымның жалпы деңгейі Қазақстаннан жоғары. Олар жасанды алаңда мүлдем ресми ойындар өткізбейді. Тек қыста жаттығу жұмыстарын пайдаланады.

Айта кетейік, Виктор Кумыков 2016 жылы «Ордабасыдан» кеткен соң, Өзбекстанның «Алмалық» клубын жаттықтырған. Бұл елде оның алдында 2006-2010 жылдары да жұмыс істеген.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*