ALADOP.KZ
Басты ақпарат Премьер-лига

Жұмасқалиев: Газзаев «Тобылды» чемпион қылуы мүмкін

Владимир Газзаев Қазақстанға қайта келді. Ол кезінде «Ақтөбе» командасын баптап, ел кубогының финалына шықты. Әрі күміс жүлдегер атанды. Сол бапкермен біз бірінші болып сұқбаттастық.

Үстіміздегі жылдың басында ресейлік маман Владимир Газзаев қостанайдың «Тобыл» командасының бас бапкері болып тағайындалды. Оның соңғы жұмыс орны Краснодар қаласының «Урожай» командасы болған еді. Ресейдегі атақты бапкер, ЦСКА мен КСРО құрамаларының бапкері болған Валерий Газзаевтың ұлы Владимир 2009-жылдары «Алания» командасын жаттықтырып, аты шыққан. Қысқа мерзімнің ішінде ол клубты Ресей премьер-лигасына шығарды. Ал қазақстанда оның есімін «Ақтөбе» жанкүйерлері бірінші болып естіген.

Нұрбол ЖҰМАСҚАЛИЕВ – ФК «Тобыл» ФК спорт директоры

— Владимир Валерийұлын алдымен жақсы маман ретінде танимын. Ол «Аланияны» Ресей премьер-лигасына шығарған. Тіпті сол команданы Ресей кубогының финалына шығарды. «Ақтөбені» баптаған соң күміс жүлдегер атанды, сосын «Локомотив» клубында кеңесші қызмпетінде болды.

«Ақтөбе» командасын Газзаев 2014 жылдың футбол маусымының қайнап тұрған шағында қабыл алды. Қарашада команда ел біріншілігінің вице-чемпионы атанды да, Еуропа лигасында ойнауға құқық алды. Алайда, 2015 жылдың шілдесінде «Ақтөбе» Еуропа лигасындағы алғашқы матчта-ақ жеңілісі тапты. «Эстонияның «Нымме Калью» клубынан жеңілгенін жанкүйерлер кешіре алмады да, бапкер өз қызметінен кетуге мәжбүр болды. Ал қостанайлық клубтың спорттық директоры, Нұрбол Жұмасқалиев сол кездің өзінде Газззаев баптаған команда өте тегеурінді еді деп еске алады.

Нұрбол Жұмасқалиев – ФК «Тобыл» ФК спорт директоры

— Егер мен қателеспесем, 2014 жылы оның алғашқы ойыны «Тобылға» қарсы өтті. Біз сол кезде 1-3 есебімен жеңіліп қалдық. Ол кезде «Ақтөбе» бізден мықты еді. «Ақтөбе» өте күшті, қарқынды, әрі тактикалық сауатты команда болып көрінді. Олардың көрсететін ойыны жанкүйерлерге ұнайтын. Сол жылғы маусым «Ақтөбенің» мықты бәсекелес екенін анық ұқтырды.

Владимир Газзаевтың «Тобылдағы» көмекшісі болып ресейдің танымал маманы Николай Латыш тағайындалды. Жаңа бапкерлермен «Тобыл» Түркияда үш бірдей оқу-жаттығу жиындарын өткізді. Футболда Владимир Газзаев өте қатал бапкер болып саналады. Оның командалары комбинациялық әрі шабуылға бағытталған ойын көрсетеді.

Нұрбол Жұмасқалиев – ФК «Тобыл» ФК спорт директоры

— Бірден кесіп айту қиын. Әр бапкердің өзінің ойын философиясы болады. «Ақтөбе» мен қазіргі «Тобылды» салыстыруым дұрыс болмас. Футбол бір орында тұра бермейді. Владимир Валерийұлы да заманауи футболдың жаңалықтарын алып отырады.

Владимир Газзаевтың келуімен командаға жаңадан 7 ойыншы алынды. Олардың ішінде Әзербайжан құрамасының қақпашысы Еміл Балаев, жартылай қорғаушы Никита Бочаров, Белорусь құрамасының қорғаушысы Михаил Гордейчук, иуарлық форфард Себеи Сенин.

Нұрбол Жұмасқалиев – ФК «Тобыл» ФК спорт директоры

Әр бапкердің өзінің ерекшеліктері болады. Жаттығуларда басқа, ойын кезінде басқа жұмыстар жүргізеді. Ең бастысы футболшыларға ұжымдық жұмыс ұнауы тиіс. Кейде жеңіл жаттығулар да өтіп тұрады. Газзаевтың басшылығымен өтетін жаттығулар өте қызық.

Түркиядағы соңғы оқу-жаттығу жиынында «Тобыл» белоруссияның «Городея» клубымен жолдастық кездесу өткізіп, 1-0 есебімен жеңіске жетті. Жалғыз голды Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Максим Федин соқты. Демек, «Тобыл» маусымның басталуына тас-түйін дайын деген сөз. Бәлкаім биыл команда алтын медальға қол созып қалар?

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*