ALADOP.KZ
Шолу

Шаш үлгісімен шашасына шаң жұқпағандар

Кезінде жасыл алаңда 90 минут бойы сарбаз болған аяқдопшылар қазіргі күні бағалы активтер екені жасырын емес. Ойын мәнерінен бөлек жанкүйерлер сүйікті ойыншыларының шаш үлгісі, денесіндегі суреттері мен әлеуметтік желідегі өміріне де аса назар аударып жатады. Бүгінгі мақалада әлемдік футбол аренасындағы қызықты шаш үлгісімен-ақ есте қалатын аяқдопшылар туралы айтамыз.

Футбол дегеннен-ақ әлем халықтары өздігінен Месси мен Роналду болып екіге бөліне қояды. Португалиялық Криштиану Роналдудың әр ойының асыға күтіп, оған ұқсағысы келетін жанкүйерлерінің аз емес екендігі белгілі. «Ювентус» аяқдопшысының шаш үлгісіндегі найзағайларды талай қазақ балаларынан байқаған боларсыздар? Ол «найзағайды» Роналду қатерлі ісікпен ауыратын кішкене бүлдіршінді қолдау мақсатында салдырған екен.

Әлем сұлуларының көзі мен сөзінен түспейтін бразилиялық Неймардың да шаш үлгісі таң қалдырмай қоймайды.

Әлемнің хас сұлуларын шертіп тұрып таңдайтын «ПСЖ» аяқдопшысының қазіргі шаш үлгісі әлдеқайда үйлесімді секілді.

2018 жылғы әлем чемпиондарының бірі, франциялық Погба шаш үлгісі арқылы өз есімін брендке айналдырмақ. Алайда, «қызыл сойқандармен» керемет ойын өрнегін көрсететін аяқдопшы футбол әлемі тарихында өз атын басына жазбаса да  брэнд болып қалары сөзсіз.

Әлемнің атақты аяқдопшыларының ерекше шаш үлгілері кейде таң қалдырса, ал кейде күлдіре ұялтып жатады. Ал төмендегі суреттен Қазақстан ұлттық құрамасы аяқдопшыларының шаш үлгілерін көре аласыздар.

Ырысты ҚАДІРБЕК

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*