Жарнама
Жарнама

0:0 ! немесе Моуриньюдің «монологы»

25.12.2013, 05:57
Жарнама
Жарнама
 «Арсенал» өз алаңында «Челсиден» айласын асыра алмады. «Эмирес» стадионындағы 90 минут Моуриньюдің жеңіске жеткенін дәлелдеді. Жозенің қорғанысты негіз ете отырып, қарымта шабуылдарға иек артатын кәнігі тәсілінің кілтін Арсен Венгер тағы да таба алған жоқ. Португалдық бапкердің бұл кездесуде қорғанысқа көңіл бөлетіні оның алаңға шығарған 11 ойыншысынан-ақ белгілі болды. Микел мен Лэмпард қорғаныс типті жартылай қорғаушы міндетін атқарса, Рамирес бұлардан сәл ғана алдыға таман, орталық алаңға орналасқан. Ал шабуылдағы негізгі міндет Азар, Виллииан, Торрес үштігіне ғана тапсырылғандай көрінді. Осылайша, «Арсеналдың» орталық алаңдағы пас алмасуына тосқауыл қоюмен қоса, Өзіл мен Уолкоттің орын алмастырып шабуылдауына да ырық берген жоқ. Тіпті, «Арсеналдың» шабуылы кезінде екі қапталдағы шабуылшы саналатын Азар мен Виллиан да қорғанысқа жиі араласып, Санья мен Гиббстің пас шығаруына кедергі қоюға тырысты. Міне осындай сәттерде алдыңғы шепте Торрес қана қалып отырды. Бұл бейне «Челси» 9-0-1 жүйесіне көшкендей әсер қалтырды. Осындай қорғаныс нәтижесін бермей қойған жоқ. Алғашқы 45 минут бойы «Арсенал» ойыншылары Петр Чех қорғаған қақпаға бір-ақ мәрте соққы бағыттай алды. Бұл Моуринью «қорғанының» басы ғана екен. Екінші тайым барысында алаңға жаңадан қосылған үш ойыншы да «Челси» қорғанысын бекемдеу үшін жұмыс жасады. Ойынның ортасында Азар шаршап қалғандай болды. Осы орайда Саньянің белсенділігі артып, қауыпты пастар асырып үлгірді. Бұны аңғарған Жозе Азардың орынна тың отырған Шюррлені жіберіп Саньяға тұсау салып қойды. Сосын, Виллианның орынна Оскарды шығаруы да осы мақсаттың бір пұшпағы болатын. Ал ойын аяқталуға таяғанда Торрестің орынна Давид Луизді жіберуі енді барып тұрған қорғаныстың қамын күйттеу саналады. Бас шабуылшының орынна орталық қорғаушыны шығарғанын айтамын ғой... Бұған қарап Моуринью шабуылға шыққан жоқ деген ойға келуімізге тағы болмайды. Қорғаныстан қарымта шабуылға өту Жозенің қашаннан бергі әдеті. Осы тәктикаға сүйенген «Ақсүйектер» қарсылас қақпасына 13 мәрте соққы жасады. Тіпті, Лэмпарттың бір соққысын қақпа бағанның қайтарғаны тағы бар. Ал бұл көрсеткіш «Арсеналда» бар болғаны- жетеу! Осыдан- ақ Жозе «қорғанының» бір бармағы бүгулі екенін аңғаруға болады. Мұндай сәттерді Моуринью командаларынан жиі көреміз. Арысын айтпағанда, осы маусымның басындағы «Манчестер Юнайтедке» қарсы ойында бірде-бір шабуылшы пайдаланбағанының өзі неге тұрады. Негізі Жозе қауыпты қарсыласқа жолыққанда көбінде осындай қадамға барады. Ертеректе, «Интерді» бастап «Барселонаны» қалай жолда қалтырғанын еске алсақ та жеткілікті. «Камп ноуда» Жозе жігіттері 9-0-0 жүйесіндегі ойын көрсетіп бүкіл әлемді таңғалдырған болатын. Әлемнің үздік бапкері саналатын Моуриньюдің қырық қалталы айласының түбіне жету бізге мүмкін емес. Солай болсада саңлақ маманның сиқырлы ізіне сәп салып көруді артық көрмедік...   Қуанышхан ӨМІРХАН
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров