Жарнама
Жарнама

10 аптаға футболдан шеттетілген Триппьер 6 қаңтарда алаңға шығуы мүмкін

03.01.2021, 21:03
«Атлетико» сотқа шағым түсіргендіктен, бұл жаза уақытша өз күшін жойды.
Жарнама
Жарнама

ФИФА "Атлетико Мадридтің" қорғаушысы Киран Триппьерді 10 аптаға шеттету туралы шешімін уақытша тоқтатты.

The Athletic-тің хабарлауынша, ФИФА "Атлетиконың" бұл шешімге шағымдануға құқылы екендігіне келіскен. Бұл дегеніміз, клуб Спорттық арбитраждық сотқа (CAS) шағым түсіріп, ойыншының жазасын өзгертуге тырысады дегенді білдіреді.

10 аптаға футболдан шеттетілген Триппьер "Атлетико" сапында жаттығып та жүрген жоқ. Ол команданың "Алавеске" қарсы бүгін өтетін матчына да шақырту алған жоқ.

Алайда ФИФА шешімінен кейін 30 жастағы ағылшын футболшысының 6 қаңтар күні Испания кубогы аясында өтетін "Корнельяға" қарсы матчта алаңға шығуға мүмкіндігі бар.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров