Жарнама
Жарнама

10 млн еуро сарапқа салынатын матч: «Қайратты» жауапты ойында не күтіп тұр?

21.08.2025, 13:06

Чемпиондар лигасының плей-оффында алматылық «Қайрат» сырт алаңда «Селтикпен» күтпеген жерден тең түсті. Енді топтық кезеңнің тағдыры Алматыда шешіледі.

Жарнама
Жарнама

Егер Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шықса:

  • 18,6 млн еуро сыйақыға ие болады. Жалпы кезеңде 8 матч ойнайды. Егер жекелеген ойында жеңіске жетсе, 2,1 млн еуроға ие болады. Ал тең түссе, 750 000 еуро алады. 

Егер Еуропа лигасының жалпы кезеңіне шықса:

  • 8,6 млн еуро сыйақыға (жалпы кезеңге өткені үшін және Чемпиондар лигасының плей-оффына жеткені үшін) ие болады. Жалпы кезеңде 8 матч ойнайды. Егер жекелеген ойында жеңіске жетсе, 450 000 еуроға ие болады. Ал тең түссе, 150 000 еуро алады. 

2015 жылы «Астана» клубы Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнаған алғашқы отандық клуб атанып еді. Нәтижесінде олар 17 млн 292 мың еуро сыйақыға ие болды. Бұл ақшаның ішіне топтық кезеңге өткені, 4 мәрте тең түскені мен маркетинг жағы кірді.

«Селтик» сырт алаңда қалай ойнайды?

Өз алаңы мен сырт алаңдағы «Селтиктің» деңгейі әр түрлі. Еурокубоктағы көрсеткіштеріне назар аударсақ, Шотландия чемпиондары соңғы рет сырт алаңда 2021 жылы 4 қарашада Еуропа лигасының топтық кезеңінде «Ференцварошты» 2:3 есебімен жеңген болатын. Одан бері 12 матч бойы түзде жеңіске жете алмай келеді.

«Қайрат» өз алаңында қалай ойнайды?

Чемпиондар лигасында үшінші мәрте күш сынап жатқан алматылықтар Алматының «Орталық» стадионында 6 мәрте қарсыласты қабылдаған. Олар әзірше барлығында жеңіске (доп айырмашылығы 12:1-ді құрайды) жетіп келеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: